Өндірістік санитария – бұл техникалық құралдар мен ұйымдастыру шараларының жүйелері, жұмыс істеп тұрған зиянды өндірістік факторлардың әсерлерін қысқартады немесе төмендетеді.
Еңбек қауіпсіздігі – бұл жұмысшылардың жұмысы кезінде әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларда болдырмайтын еңбек шартының жағдайы.
Еңбек қауіпсіздігі талаптары - бұл заңды актілермен, нормативті техникалық құжаттармен, ереже және нұсқаулармен белгіленген талаптар, оларды орындау ұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсе етуі қызметкерлердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндіріс факторларының әсе етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе оның жарақаттануына, не қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндірістік фактор – бұл жұмыс істеу кезінде ауру немесе жұмысшының жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге әкеліп соғатын өндірістік фактор.
Қалдық (шайынды) су -әртүрлі өнеркәсібінен пайдаланын шығатын лас су.
Жұмыс орны (зонасы) – еденнең 2 м биіктікті кеңістік алаңы.
Қалыпты атмосфералық қысым – 0,1013 МПа (бұл 760 мм сынап бағанасына сәйкес келеді).
Терморегуляция – шектелген С-дегі тұрақты темпераура балансын ұстап тұруға бағытталған бірнеше физиологиялық және химиялық прцестердің бірлестігі.
Зарарсыздандыру (немесе дезинфекция) дегеніміз – адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынтығы.