Жаңа сабақ мазмұны бойынша қысқаша бағыттаушы мәлімет Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мазмұны, мақсат-міндеттері, бағдарламасы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Ұлттық қауіпсіздік туралы", "Азаматтық қорғану", "Білім туралы" заңдары және" Алғашқы әскери дайындық пәнін ұйымдастыру және жүргізу және оның оқу-материалдық кешенін қалыптастыру ережелерін бекіту туралы" ҚР қорғаныс министрінің бұйрығы, Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарындағы білім алушылардың құқықтары мен міндеттері.
Жастарды алғашқы әскери және технологиялық дайындау мемлекеттік қорғаныс негіздері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мақсаты, олардың сипаттары және ерекшеліктері Қазақстан Республикасы азаматтарының киелі борышы ретінде әскери қызметтің маңызы туралы түсінікті қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Пәннің негізгі міндеттері: , .
- әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру;
- әскери бөлімдердің әскери техникасы және қару-жарағымен, жеке құрамның орналасуы, өмірі және тұрмысымен таныстыру;
- робот техникасы, ІТ-технологияларды қолдану бойынша қажетті алғашқы әскери білім және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, доңғалақты техниканы жүргізуге, төтенше жағдайларда адам өмірінің қауіпсіздігі негіздерін үйрету;
- жастарды отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының халқына адал болуға тәрбиелеу;
- жауынгерлік міндетімен байланысты кәсібіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.