{"id":2175,"url":"\/distributions\/2175\/click?bit=1&hash=803b6e1bcbd9dfc4ba9456fda887a878c80d24df8d3a575913b14876e18923a5","title":"TJ \u0437\u0430\u043a\u0440\u043e\u0435\u0442\u0441\u044f 10 \u0441\u0435\u043d\u0442\u044f\u0431\u0440\u044f \u2014\u00a0\u043f\u0440\u043e\u0447\u0438\u0442\u0430\u0439\u0442\u0435 \u0430\u043d\u043e\u043d\u0441 \u0441 \u0434\u0435\u0442\u0430\u043b\u044f\u043c\u0438","buttonText":"\u0427\u0438\u0442\u0430\u0442\u044c","imageUuid":"d1d355d8-93a3-5140-aeae-14b03046b760","isPaidAndBannersEnabled":false}
Айсулу Нурсаинова

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультетінің

3 курс студенті

Нурсаинова Айсулу

ЕСЕБІ

2020 жылдың 15 мамыр мен 17 шілде аралығында "Аягоз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" Мемлекеттік мекемесінде тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту кезінде белгіленген жетекшінің басшылығымен мамандығыма қатысты мол тәжірибе алдым. Түрлі шараларды ұйымдастыру бағыттары мен әдістерін меңгеріп, нәтижелі іске асырылуы керектігін тәжірибе жүзінде үйрендім.

"Аягоз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" Мемлекеттік мекемесі ұйымдастыратын түрлі онлайн іс-шараларды, оларда жүргізілетін жұмыс түрлерін меңгердім. Бұл мекемеде өткізген әр күнімде түрлі шаралардың куәгері болдым. Соның қатарында "Аягоз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" Мемлекеттік органының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары , құқықтары және міндеттерімен танысудан практикам басталды.

Бөлімнің - мәдениет, тілдерді дамыту , денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі - органнын бастапқы миссиясы болып табылады екен. Мекемесе басшысының айтуы бойынша , органның қарамағына кіретін мекемелер болашақ мәдениеттанушы маманның тәжірибелік практика өтуі үшін таптырмас орын.

"ALASH" Өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық "Жас Жұлдыз" атты өнер додасы концерттік шоу-бағдарламаласын тамашаладым және оны ұйымдастыру жұмыстарына белсене араластым. Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен, Ұлттық домбыра күнімен, Еліміздің Астанасы Нұр-Сұлтан қаласының күніне байланысты Аудандық" Қозы Көрпеш- Баян Сұлу " атындағы мәдениет үйі қызметкерлері онлацн концерттер ұйымдастырып, Аягөз халқына мерекелік көңіл күй сыйлады. Осындай іс-шаралардың барлығының жоғары дәрежеде өтуі өзім оқып жүрген «Мәдениеттану» мамандығы бойынша мол тәжірибе жинауыма үлкен үлесін қосты.

Өндірістік тәжірибе уақытында тек қана мерекелік шаралармен шектеліп қоймай, театр қызметкерлерімен, олардың әрқайсысы атқаратын қызметімен, олардың ішкі өмірімен жақынырақ таныстым. Сонымен қатар, і экспозициялық залмен танысу барысында осынау үлкен мәдени ошақтың тарихы мен жетістіктері жайлы үлкен мағлұматтар алдым. Аудандық Мәдениет үйі қабырғасында кезінде өнер көрсеткен ардагер актерлармен де кездесіп, сұхбаттастым.

Өндірістік тәжірибе кезінде жинақтаған тәжірибем мен білімім – келешекте еңбек жолымда биік сатылардан көрінуімнің себепшісі. Біліміммен байланыса отырып жинақталған бұл тәжірибелік өтілім болашақта маман ретінде қалыптасуыма септігін тигізеді деп есептеймін.

Нурсаинова А.Е.

0
Комментарии
Читать все 0 комментариев
null