{"id":2175,"url":"\/distributions\/2175\/click?bit=1&hash=803b6e1bcbd9dfc4ba9456fda887a878c80d24df8d3a575913b14876e18923a5","title":"TJ \u0437\u0430\u043a\u0440\u043e\u0435\u0442\u0441\u044f 10 \u0441\u0435\u043d\u0442\u044f\u0431\u0440\u044f \u2014\u00a0\u043f\u0440\u043e\u0447\u0438\u0442\u0430\u0439\u0442\u0435 \u0430\u043d\u043e\u043d\u0441 \u0441 \u0434\u0435\u0442\u0430\u043b\u044f\u043c\u0438","buttonText":"\u0427\u0438\u0442\u0430\u0442\u044c","imageUuid":"d1d355d8-93a3-5140-aeae-14b03046b760","isPaidAndBannersEnabled":false}
Новости
Азиз Айжан

Дін туралы семинар өзектілігін жоғалтқан жоқ

«Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында Қарағанды,Петропавл, Қостанай қалаларында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын өткізді. Бұл әлеуметтік жоба ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып оқыту курсы жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.

Оқыту курсын жүргізеді: Теолог, исламтанушы, "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры – Сабдин Асқар Калимжанович, ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры – Абзелбаев Мұрат Назтаевич, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы" ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы.

Іс-шара барысында теолог А.Сабдин ислам тарихындағы дербестендіру үрдісіндегі субъектілер мен теологиялық радикалсыздандыру рөлі және оның теологиялық қайта түюінің негізгі құраушы элементтері, кезеңдері және әдістері, радикализм ізбасарларының ислам білімдерінің деңгейін анықтау және оған осы деңгейді түсіндіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы айтып берді.

Бұдан өзге, сарапшы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін Қазақстанда тыйым салынған діни ұйымдардың, қозғалыстардың тізімімен таныстырып, жастарға қауіпті тыйым салынған әдебиет пен материалдар туралы қажетті мәліметтер берді.

Т.К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры М. Абзелбаев АТТ мүшелеріне шешеннің сөйлеу техникасы, шешендік өнер әдістерін үйретті, бұл қоғамдық ілтипатқа ие болудағы, халыққа ақпарат беру және жұртшылықтың назарын епті ұстаудағы, естілетін және түсінікті болудағы пәрменді құрал.

«Қазақстан Республикасындағы терроризм мен экстремизм проблемаларын зерттеу орталығы» ҚҚ президенті Қ.М. Бишманов қатысушыларға жаһандану жағдайында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы өзгерістер, ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері, экстремистік қызметтің негізгі түрлері, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мақсатты топтармен профилактикалық жұмыстың инновациялық әдістері туралы әңгімеледі.

Семинар қорытындысы бойынша «Дін мәселелері бойынша ақпараттық – түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау» тақырыбына оқыту курсына қатысушыларға PRE-Post сауалнамасы жүргізілді. Семинар сонында сертификаттар берілді. #qogamgov , #cisc2020

0
12 комментариев
Написать комментарий...
Потрошитель Сироток

Перенесите в @Україна 🇺🇦 

Ответить
Развернуть ветку
Азиз Айжан
Автор

половина людей подключились через зоом конференцию

Ответить
Развернуть ветку
Аккаунт удален

Комментарий недоступен

Ответить
Развернуть ветку
Азиз Айжан
Автор

это казахский, следующий раз напишем на русском языке

Ответить
Развернуть ветку
Андрей Галицкий

ЭЩКЕРЕ

Ответить
Развернуть ветку
Азиз Айжан
Автор

о чем вы?

Ответить
Развернуть ветку
Dmitry Shiryaev

Гатишная телочка ничего так

Ответить
Развернуть ветку
Азиз Айжан
Автор

есть такое хе хе

Ответить
Развернуть ветку
Левая повесточка

Спасибо, очень интересно

Ответить
Развернуть ветку
Азиз Айжан
Автор

спасибо, рада что вам понравилось 

Ответить
Развернуть ветку
Морс Вишневый

Cet article est très intéressant et compréhensible, merci

Ответить
Развернуть ветку
Азиз Айжан
Автор

Если вдруг кто не понял, вот перевод
Эта статья очень интересная и понятная, спасибо

Ответить
Развернуть ветку
Читать все 12 комментариев
null