Абеуова Айжан

Есжанов Мұхтар Есіркепұлы (27.12.1961 ж.т., Түркістан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылы) — ғалым, заң ғылымдарының кандидаты.

1987 ж. ҚазмУ-ді, 1994 ж. ҚР Президенті жанындағы Қазақ басқару және экономика болжау институтын бітірген.

1987— 89 ж. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы, 1989—92 ж. Гурьев облысы Әділет басқармасы бастығының, 1994—96 ж. ҚР Әділет министірлігінде сот жұмыстарын ұйымдастыру Бас басқармасы бастығының орынбасары, 1996-2002 ж. ҚР Жоғарғы сотының судьясы болған.[1] 2002-2006 жылдары аралығда Қызылорда облыстық сотының төрағасы.[2] 2006-2008 жылдары аралығында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

Үйленген. 5 баласы - екі ұлы, үш қызы бар.[3]

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл, Қазақстан Конституциясына 10 жыл медальдарымен марапатталған.[4]

0
Комментарии
Читать все 0 комментариев
null